Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

ҚХА жастарға қандай қолдау көрсетпек

2019 жылдың 18 маусым 2019 18:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚХА төрағасының орынбасары Жаңғыру жолы» жастар қозғалысын дамытудың Жол картасын жүзеге асыруға ерекше назар аударылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент жастардың стартаптарын қолдауға уәде берді. Осы мақсатта әрбір жас өренге өзінің жеке «табыс тарихын» құруына мүмкіндік берілгелі отыр. Сонымен бірге «Президенттік кадрлық резерв» құрылады. ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысында біз құрылымдарымызға осы мәселе бойынша өз ұсыныстарын беруді өтіндік. Біз ҚХА жастарының ішінен кадрлық резервті қалыптастыруға ниеттіміз. Олармен жұмыс істей отырып, жастарды одан ары ілгерілетуге ықпал етпекпіз», - деді Жансейіт Түймебаев Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының отырысында.

Жансейіт Түймебаевтың айтуына қарағанда, Ассамблея өз тарапынан ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысын дамытудың Жол картасын жүзеге асыруға ерекше назар аударады.

«Біз жастарды Ассамблеяның барлық іс-шаралары мен жобаларына тартатын боламыз, Қазақстанның 100 жаңа есіміне енген тұлғаларының табыс тарихын ілгерілетуді жалғастырамыз. Әрбір өңірде және әрбір Достық үйінде волонтерлік желілерді дамытуды ынталандыру керек. Әрбір Достық үйі еріктілік орталығына айналуы тиіс. Республикалық этномәдени бірлестіктерде жастармен жұмыс ерекше орында болуы тиіс. Жас көшбасшыларды қалыптастыру, оларды алға жылжыту қажет», - деді ол.

Еске сала кетсек, Парламент Мәжілісінде «ҚХА-ның Мәжілістегі депутаттық тобының Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасынан және ҚР-ның сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінен туындайтын міндеттері туралы» тақырыбында отырыс өтіп жатыр. Отырысқа мәжілісмендер, ҚР Президенті Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, министрліктер өкілдері, мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысуда.

Жоғары қарай