Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Ақмола облысында жоғалған бір отар қой үш күннен кейін табылды

2019 жылдың 17 маусым 2019 22:58

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жоғалған 200 қой иесіне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2019 жылдың басынан бері мал ұрлығына қатысты барлығы 56 оқиға тіркелді. Іздестіру шаралары барысында жалпы құны 36,6 миллионнан астам теңге болатын мал иелеріне қайтарылды.

«Тәжірибе көрсеткендей көп жағдайда малдың жоғалуына оны қараусыз жіберген мал иелерінің өздері кінәлі болады. Мал иелері малының жоғалғандығы туралы бірден полицияға хабарлай қоймайды. Соның салдарынан оқиғаның ізін суытпай анықтау қиынға соғады. Бұған қоса, жергілікті тұрғындар үй жануарларына таңба, ен салуға онша көңіл бөлмейді.

Осы жылдың 14 маусымында Зеренді аудандық кезекшілік бөліміне Бектесін ауылының тұрғындары арзыданып, еркін жайлып жүрген 200 қойдың жоғалғанын айтқан. Ауыл тұрғындары шығын көлемін 5 миллионнан астам теңгеге бағалаған.

Жедел-іздестіру шарасы үш күнге созылды. Нәтижесінде жоғалған бір отар қой Солтүстік Қазақстан облысымен шекаралар аймақта ы орман алқабынан табылып, иелеріне қайтарылды», дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, полицейлер өңірде мал ұрлығын алдын алу мақсатында рейдтер ұйымдастыруда.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Қоғам, Ақмола облысы,
Жоғары қарай