Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

«Қазақстан» РТРК Абайдың 175 жылдығына арналған телехикаяға байқау жариялады

2019 жылдың 17 маусым 2019 09:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан» РТРК» АҚ Абайдың 175 жылдығына арналған телехикаяға байқау жариялайды.

«Қазақстан» РТРК» АҚ ұлы ақын, жазушы ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай телехикая түсіреді. Осыған байланысты, телехикаяның сценарлық идеясына байқау жариялайды. Байқауға қатысу үшін орындаушы компания - идея, синопсис, сондай-ақ, концепция ұсынуы шарт. Ұсыныстар тарихи фильмдер мен телехикаялар өндірісінде тәжірибесі бар, техникалық мүмкіндіктері жоғары компаниялардан ғана қабылданады», - делінген баспасөз баянында.

Байқауға өтінімдер қабылдау 2019 жылдың 1 тамызына дейін жүргізіледі. Ұсыныстар kaztrk@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.

Автор Қанат Мәметқазыұлы
Басты сөздер: Өнер, Мәдениет, БАҚ,
Жоғары қарай