Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Динара Сәдуақасова Азия чемпионы атанды

2019 жылдың 16 маусым 2019 08:29 1223

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Динара Сәдуақасова Азия чемпионы атанды. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шахматтан ерлер және әйелдер арасындағы Азия чемпионаты 6-16 маусым аралығында Қытайдың Синтай қаласында болды. Шахматшылар сыйақы қоры 85 мың доллар көлемінде болған бәсекеде бақ сынасты. Турнир швейцариялық жүйе бойынша, яғни 9  раундтан өтті.

«Динара 15 елден келген 36 қарсыласынан басым түсіп, 9 мүмкіндіктен 7,5 ұпай жинады»,- деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясынан.

Бұл бәсекеге Қазақстан үш шахматшыны: ерлер секциясынан - Ринат Жұмабаевты, ал әйелдерден - Динара Сәдуақасованы және Гүлмира Дәулетованы апарды.

 

 

Басты сөздер: Спорт, Қытай,
Жоғары қарай