Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Сенбі күнгі ауа райы болжамы

2019 жылдың 15 маусым 2019 04:11 867

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  - 15 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталып, жаңбыр мен найзағай болжанады. Республиканың тек батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей өңірлерде найзағай, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23-28 м/с болады. Дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерін тұман басып, жел 18 м/с күшейеді, бұршақ жаууы иқтимал.

Ақмола, Алматы  облыстарының кей жерлерінде  желдің екпіні 15-22 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Түнде Атырау, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылода  облыстарының  кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Қызылорда облысында желдің күші 23 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 күшейіп, шаңды дауылмен екпіні 23 м/с артады, дауыл, бұршақ болжанады.

Қарағанды,  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл, бұршақ күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз тұман болып, жел 15-20 м/с артады.  

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.          

 

 

 

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай