Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Елордада iQala қалалық қызметтер орталығы ашылды

2019 жылдың 5 маусым 2019 19:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанада iQala бірыңғай қалалық қызметтер орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңсе Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің түрлі басқармаларының, коммуналдық қызметтердің, кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау институттарының жұмысын біріктіріп, «бір терезе» қағидатында жұмыс істейді.

«iQala-ның бірінші «i» әрпі интеллектуалдық жүйе деген мағынаны береді. Жоба қаланың барлық коммуналдық қызметтері мен басқару жүйесін «Адалдық алаңы» аясында дамытуы қажет. Бұл орталықтан түрлі қызметтер мен кеңестерді, рұқсаттамаларды жылдам алуға болады. Бұл жүйе барлық қызметтерді цифрландыруға жол ашады және кәсіпкерлер алдындағы кедергілерді жойып, баға мен тарифтің төмендеуіне көмектеседі», - деді елорда әкімі Бақыт Сұлтанов орталықтың ашылуында.



Мәселен, үй салғысы келген тұрғын 5 бірдей коммуналдық қызметке жүгініп, ондаған құжат жинауы керек. Мұның барлығына 6-8 ай жұмсалуы мүмкін. Ал енді осы қызметтерді бір орыннан алуға болады.



«Бір айда iQala қызмет көрсету орталығы көрсететін қызметтерді 100-ге жеткізгіміз келеді. Жыл соңына дейін «Бір терезе - бір нәтиже» қызметі іске қосылады. Бұл жеке тұлғаларға да, бизнеске де ыңғайлы», - деді «Астана» ӘКК төрағасының бірінші орынбасары Темірлан Нұрғисаев.






























Жоғары қарай