Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Қазақстанның бірқатар өңірінде бұршақ жауып, үсік жүреді

2019 жылдың 24 мамыр 2019 17:26 997

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

25 мамырда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады. Желдің күші 15-20 м/с болады. Күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды.

26 мамыр түнде Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстары, түнде 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысының батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады. Жел екпіні кей жерлерде 15-20 м/с, 26 мамырда Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жел екпіні 23-28 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман түсіп, найзағай ойнайды. Бұршақ жауып, дауыл соғады.

Түнде 26 мамырда Қостанай, Ақтөбе облыстарының, түнде 26-27 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 3 градус үсік. 27 мамыр түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-6 градус үсік күтіледі.

 

 

 

 

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай