Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Түркістанды түлетуге неміс компаниялары да ниетті

2019 жылдың 23 мамыр 2019 12:52

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Германия Федеративтік Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннер бастаған Герман Экономика Одағының делегаттарымен кездесті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Кездесуде делегация басшысы Тило Клиннер неміс компаниялары цифрландыру, электр қуатын өндіру, жылыту жүйесі мен туризм саласында инвестиция салуға ниетті екенін жеткізді.

Мәселен, Германияда энергетика саласында 15 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «ILF Business Consult» компаниясының атқарушы директоры Адреас Линке Түркістан өңірінде жасыл экономикаға негізделген күн энергиясынан қуат өндіретін гибридті электр стансасының құрылысын жүргізіп, арнайы парк құруға дайын екенін айтты. Ал «Bosch» кәсіпорнының өкілі Владимир Коломыцын компания жылыту жүйесіне қажетті қазандықтармен қамтамасыз етіп, қаланы сумен қамту жүйесіне толық қолдау жасайтынын жеткізді. Сондай-ақ, германдық «Petroline» холдингінің бас директоры Андреас Штумпф қоқысты қайта өңдеу мен су жүйесін тазартуға арналған жабдықтармен қамтамасыз етуге ниетті екенін айтты.



Облыс әкімі делегация өкілдеріне алғысын айтып, екіжақты әріптестік орнайтынын жеткізді.

«Түркістанда қазіргі таңда бас жоспар нақтыланды, ғасыр жобасы басталды. Құрылыс, сумен қамту, жылыту жүйесі мен жол саласына инвестиция салуға болады. Арнайы экономикалық аймақтар бар, зауыттарыңызды сонда салуға болады. Германдық технологияны әлем мойындайды, сондықтан мұндай тиімді әріптестікке біз қуаныштымыз. Бастысы, жобалар экологиялық таза, сапалы, бағасы қолжетімді болуы керек», - деді Өмірзақ Естайұлы.










Жоғары қарай