Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Ешкімнен жеңілмеген Мадияр Ашкеев АҚШ-тағы жекпе-жек алдында салмағын өлшеді

2019 жылдың 23 мамыр 2019 08:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертең таңертең Американың Аризона штатындағы Тусон қаласында боксшылар шоуы өтеді. Оған еш жеңіліп көрмеген қазақстандық Мадияр Ашкеев (11-0, 6 КО) қатысады, деп хабарлайды Sports.kz.

Оның қарсыласы америкалық боксшы Сесил Маккалла (21-3, 8 КО). Боксшылар бірінші орта салмақта Junior NABF чемпион титулына таласады. Жекпе-жек 10 раундтқа есептелген.

Айқас алдында салмақ өлшеу рәсімі болды. Оның қорытындысы бойынша Ашкеевтің салмағы 153,8 фунт, ал қарсыласының салмағы 153,2 фунтты көрсетті. Салмақ өлшеуге осы шараның промоутері кіші Рой Джонстың компаниясы да қатысты.

Басты сөздер: Бокс,
Жоғары қарай