Ауа райы
Астана 35 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 432.47
RUB 6.12
CNY 55.78

Дания Еспаева Қарағанды жұртшылығымен кездесті

2019 жылдың 21 мамыр 2019 18:18 749

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан президенттікке үміткер Дания Еспаева Қарағанды өңірінде кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға партия төрағасы Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев, партия төрағасының орынбасары Дмитрий Васильев қатысты.

Кездесу барысында қарағандылық кәсіпкерлер Дания Еспаеваның сайлауалды бағдарламасымен танысып, өз ойларымен бөлісті. Жиында елдегі шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және салықты азайту секілді мәселелер қозғалды. Кәсіпкерлер аймақтағы жеке бизнестің ахуалын айтып түсіндірді. 

Осы күні «ақжолдықтар» президенттікке үміткер Дания Еспаеваның сайлауалды бағдарламасын Қарағанды турбомеханикалық зауытында да таныстырды. Кәсіпорын жылу электростанция құрылғыларын жөндеу, қосалқы жабдықтарын даярлау саласында 25 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Осы жылдар аралығында түрлі қуаттағы төрт жүздей турбина жөндеуден өтті.

Зауыт жұмысшыларымен кездесу барысында үміткер отандық бизнесті қолдау, ішкі нарықта қазақстандық кәсіпорындарға басымдық беру туралы өз ойларымен бөлісті. Сайлауалды штаб мүшелері көпшілікті мазалаған сұрақтарға жауап берді.

Айта кетейік, «Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваның үгіт науқаны жалғасуда.

 

Жоғары қарай