Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Головкин - Роллс айқасын Қазақстанда қай уақытта көруге болады

2019 жылдың 21 мамыр 2019 13:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 8 маусым күні кешкісін (Қазақстан уақытымен 9 маусымның таңында) Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында орта салмақтағы бұрынғы WBC/WBA/IBF чемпионы Геннадий Головкин канадалық Стив Роллспен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Британияның The Sun басылымының хабарлауынша, басты оқиға жергілікті уақытпен таңғы 4 шамасында басталады. Осыған қарап, Головкин-Роллс жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен 9 маусым, жексенбі күні шамамен 09:00-де басталады деуге болады. Осы жекпе-жектің андеркардындағы кездесулер алты сағат бұрын басталады.

Алдағы жекпе-жек Головкин үшін екі тұрғыда дебют болмақ: онда Головкиннің жаңа бапкері Джонатон Бэнкстың жұмысына баға беру мүмкіндігі туындайды әрі боксшының DAZN стриминг сервисімен үш жылға жасалған келісімшарты аясындағы алғашқы жекпе-жегі болады.

Басты сөздер: Спорт, Геннадий Головкин,
Жоғары қарай