Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

ЕАЭО мерейтойына орай салмағы 1 кг болатын коллекциялық монета жарыққа шықты

2019 жылдың 21 мамыр 2019 13:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық банк бүгін номиналы 50 000 және 500 теңгелік алтыннан, номиналы 500 теңгелік күмістен «Eýrazialyq ekonomikalyq odaq. 5 jyl» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарды. Бұл туралы қаржы ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұл монеталар Еуразиялық экономикалық одақтың бес жылдығына арналады.

Монеталардың бет жағының орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Монеталарды айналдыра оларға сәйкес келетін номиналдар, «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY» және «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазбалар, монеталар дайындалған металды, олардың сынамы мен массасын білдіретін жазбалар орналасқан. Монеталардың сырт жағының орталық бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың ресми эмблемасы және соғылған жылын білдіретін «2019» деген сан бейнеленген. Эмблема айналасында интерференциялық түрлі-түсті бейнелеу және түсті бояу технологиясын қолдана отырып орындалған таспалы ою-өрнектерден және Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің мемлекеттік туларынан композиция орналасқан. Монетаның жоғарғы бөлігінде - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тауар белгісі (логотипі) тұр.

Монеталар:

- 999 сынамалы алтыннан, номиналы 50 000 теңгелік, массасы 1 кг, диаметрі 100 мм, таралымы 20 (жиырма) дана;

- 999 сынамалы алтыннан, номиналы 500 теңгелік, массасы 31,1 грамм, диаметрі 32 мм, таралымы 500 (бес жүз) дана;

- 925 сынамалы күмістен, номиналы 500 теңгелік, массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, таралымы 1500 (бір мың бес жүз) дана дайындалған.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Коллекциялық монеталарды Ұлттық банктің «Қазақстан теңге сарайы» дайындаған.

Жоғары қарай