Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 377.09
EUR 407.37
RUB 5.93
CNY 53.95

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады

2019 жылдың 18 мамыр 2019 13:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен сыртқы істер органдарында бірқатар ауыс-түйістер болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен:

Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Нажмедин Мұхаметәлі Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Жанна Сәбитқызы Сартбаева Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.


Мемлекет басшысының Жарлығымен:

Бекетжан Махатжанұлы Жұмаханов Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан;

Ержан Серікұлы Мұқаш Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Жоғары қарай