Ауа райы
Нұр-Сұлтан 26 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Дариға Назарбаева Кипр Сыртқы істер министрімен кездесті

2019 жылдың 15 мамыр 2019 19:24 529

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Кипр Сыртқы істер министрі Никос Христодулидиспен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат Төрағасы сапар барысында қол қойылған үкіметаралық құжаттар екі елдің іскер топтары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететінін атап өтті.

Қазақстан мен Кипр көптеген өңірлік және халықаралық мәселелерді шешу әдістерінің ұқсастығын атап өте келіп Д.Назарбаева Қазақстанның халықаралық және өңірлік бастамаларын қолдағаны үшін кипрлік әріптестерге алғыс білдірді.

Тараптар парламентаралық байланыстарды нығайтуға уағдаласты. Сенат Төрағасы Кипр депутаттарын Қазақстанға келуге шақырды. «Парламент делегацияларының сапарлары біздің саяси үнқатысуды кеңейтуге ғана емес, өзара іс-қимылдың барлық салалары бойынша екіжақты қарым-қатынастарды ілгерілетуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.  Тараптар өзара сауда көлемін арттыру және оны әртараптандыру үшін барлық алғышарттар бар екенін атап өтті. Д.Назарбаева Кипр тарапына бірлескен инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыруға қатысуды ұсынды, жұмысы ағылшын құқығына негізделген «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында ашылатын қаржы және инвестициялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең мүмкіндіктері туралы жан-жақты әңгімеледі. «Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін жақсы заңнамалық база құрылды», - деп атап өтті Сенат басшысы.


null 

Н. Христодулидис еліндегі экономикалық ахуал туралы хабардар етіп, Қазақстанда Орталық Азия елдеріне арналған Кипр Елшілігін ашу ниеті туралы айтты. Дипломаттың айтуынша, «Кипр Қазақстанның Еуропалық одақтағы елшісі болуға дайын».


null 

Сенат Төрағасы Кипр Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялағаны үшін алғыс айтты. Қазіргі кезде құжатты ЕО-ға мүше 27 елдің парламенттері ратификациялады.

Тараптар сондай-ақ гендерлік теңдік мәселелерін талқылады. Сенат Төрағасы қазақстандық әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін одан әрі кеңейтуге қатысты мәселелер: билік құрылымдарына қатысу; экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету; өз бизнесін дамыту туралы кипрлік сыртқы саясат мекемесінің басшысын хабардар етті.

Н. Христодулидис Сенат Төрағасын Кипрге сапарлап келуге және гендерлік теңдікті ілгерілету мәселелерін бөлісуге шақырды.

 

 

 

Жоғары қарай