Шымкентте триатлоннан Азия кубогы өтеді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 25-26 мамыр күндері Шымкентте триатлоннан Азия кубогы халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Shymkent ASTC Triathlon Asian Cup - Азия аймақтық Триатлон конфедерациясының ұйымдастыруымен өтетін кәсіби спортшылар арасындағы құрлықтық дода.
25 мамыр күні кәсіби спортшылар үш кезеңнен тұратын жарыста бақ сынайды. Олар 1500 метрге жүзуден, 40 шақырымға велосипедпен жарысудан және 10 шақырымға жүгіруден өзара жеңімпазды анықтамақ.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирге 130 атлет қатысатыны күтілуде.