Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Елордадағы жатақхана өрті кезінде жүкті әйел мен балалар 4-қабаттан секірген

2019 жылдың 2 мамыр 2019 17:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында өртенген жатақхананың тұрғындары терезеден секіріп құтылған, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Тосын жағдайдың қалай өрбігенін ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін күндізгі сағат 11.20 шамасында Ұлттық ұланның №6636 әскери бөлімінің жанында №4 жатақханадан өрт шыққан болатын. Қызыл жалынды байқаған бір топ сарбаз взвод капитаны Шыңғыс Қайыржановтың басшылығымен 15 адамды құтқарып қалған. Жауынгерлердің жіті қимылының арқасында тұрғындар қауіпсіз жерге шығарылып, кейбіріне медициналық жәрдем көрсетілген.

«Бәрі аяқ астынан болды. Жанымыздағы жатақхананың екінші қабатынан қою түтін көтерілгенін көріп, бірден көмекке жүгірдік. Біз барғанда жатақхананың ішін түгелдей түтін алып кеткен екен. Біреуі көмек сұрап айқайласа, енді бірі терезеден секіріп жатты. Қарауыл бастығы Нұрғазы Ержанов екеуіміз өрт тұтқынындағы тұрғындарға керіп ұстайтын материал тастауға кеңес бердік. Бізбен бірге өзге жауынгерлер де қолға түскен көрпелерді керіп ұстап, жоғарыдан секірген тұрғындардың астына тосты. Осы тәсілмен үш баланы және бір жүкті әйелді құтқардық. Жүкті әйел тіпті 4-қабаттан секірген болатын» - дейді капитан Шыңғыс Қайырбеков.

Ұлттық ұлан сарбаздары өрт сөндіру жасағы келгенше қою түтінге қарамастан, ғимарат ішінде қалған басқа тұрғындарды сыртқа шығарған.

«Санап тұратын уақыт болған жоқ. Жалпысы 15 адамды құқарған шығармыз. Бәріне алғашқы медициналық көмек көрсетіп, иіс тигендерін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырдық», - дейді Шыңғыс Қайырбеков.


null

Жоғары қарай