Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Қарағандыда 400-ден астам егде әнші соғыс жылдарындағы әндерді шырқайды

2019 жылдың 2 мамыр 2019 16:46

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында «Ардагерлер ән салады» атты хор ұжымдарының дәстүрлі фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл фестиваль 29-шы рет өткізілгелі отыр. Ән фестивалі Жеңіс күніне және Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіровтың 100 жылдық мерейтойына арналады.

«Ардагерлер ән салады» XХІХ Облыстық фестивалі 3 мамырда Жезқазған қаласының Достық және халықтар мәдениеті үйінде өтеді. Шараға облыстың барлық қалалары мен аудандарынан 20 хор ұжымы жиналады деп күтілуде. Сахна төрінде 55 пен 85 жас аралығындағы 450 әнші өнер көрсетеді. Қатысушылар соғыс жылдарындағы және патриоттық әндерді шырқайтын болады.

Фестиваль таңертеңгі 10.00-де мерекелік шерумен басталады. Шараға қатысушылар Жеңіс көшесінің бойымен жүріп өтіп, «Даңқ аллеясы» мемориаланың алдына гүл шоқтарын қояды. 12.00-де Достық үйінде концерттік бағдарлама басталады.

Фестивальді Қарағанды облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттар басқармасы мен Қазақстан Республикасы ардагерлер Ұйымының облыстық филиалы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Жоғары қарай