Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

«Ілияс оқулары» республикалық байқауының бас жүлдесін Әлібек Бегімбекұлы жеңіп алды

2019 жылдың 29 сәуір 2019 22:48

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Ақсу ауданында жыр құлагері Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына орай дәстүрлі «Ілияс оқулары» өтті.

Додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 24 дарынды бала қатысып, өз өнерлерін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Он екінші рет шымылдығын түрген ауқымды шара екі күнге жалғасты. Байқау шартына сай қатысушылар дүлдүл ақынның өлеңдерінен мәнерлеп үзінді оқып, жыр құлагерінің жырларын насихаттауда жаңашылдық танытты. Қызу дайындықпен келген әрбір қатысушы бас жүлде үшін сынға түсті. Осылайша, Ілияс атамыздың рухын биікке асқақтатып, ұрпақ санасын жаңғыртуда белсенді шара ұйымдастырылды.

Байқауда «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанып, Бас жүлдені киелі Ақсу елінің тумасы Әлібек Бегімбекұлы жеңіп алды. Жеңімпазға 500 мың теңгенің сертификаты табысталды. Ал 1-орын Ақмола облысының Көкшетау қаласынан келген Балмашек Еділге, 2-орын қызылордалық Нұрадин Аружан мен маңғыстаулық Жүсіпов Жарысқа бұйырды, 3-орынды шығысқазақстандық Жұмағазиева Анел, ақсулық Қызайхан Әйгерім мен талдықорғандық Саят Сая иеленді.



null

Айта кетейік қаламгердің 125 жылдығы кең көлемде ақынның кіндік қаны тамған Ақсу ауданында күзде тойланады.

Естеріңізге сала кетейік, Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығында 25 том кітап жарыққа шығатынын хабарлаған болатынбыз.




null

Жоғары қарай