Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

29 сәуірде Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 28 сәуір 2019 17:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агентігі Қазақстан қалаларында 29 сәуірде өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де ҚР Үкіметінің кезекті отырысы басталады.

10.00-де «Hilton Astana» қонақ үйінде Қазақстан-Мажарстан бизнес-инвестициялық форумы басталады. Форумға Мажарстан Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Михай Варга, ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов және ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев қатысады.

11.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «Экономикалық дипломатиялардың қазіргі кезеңдегі өзекті бағыттары мен басымдықтары» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізеді.

15.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалық етуімен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғыру» атты XXVII сессиясы өтеді.

19.30-да «Барыс Арена» мұз сарайында хоккейден Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтеді.

АЛМАТЫ

11.00-де «Сұңқар» орталығында жабайы табиғаттағы бүркіттерді есепке алу бойынша арнайы экспедиция мүшелерімен кездесу өтеді.

13.30-да «Атакент» көрме орталығында Қазақстан қонақ үйлері мен мейрамханалары қауымдастығы HORECA индустриясы жөнінде шара өткізеді.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай