Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Дания Еспаева Орталық сайлау комиссиясына құжатын тапсырды

2019 жылдың 25 сәуір 2019 18:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясына Дания Еспаева құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес «Ақ жол Қазақстан демократиялық партиясының» қоғамдық бірлестігі ҚР Президенттігіне кандидат ретінде Дания Мәдиқызы Еспаеваның құжаттарын ұсынды.

Құжаттардың ішінде «Ақ жол Қазақстан демократиялық партиясының» қоғамдық бірлестігі жоғары органының ҚР Президенттігіне кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінді, Дания Еспаеваның кандидат болуға келiсiмі, өмірбаяны, ҚР ОСК шотына сайлау жарнасын аударғанынын куәландыратын құжат, жеке куәлігі, ЖОО дипломдарының көшірмесі, мемқызметте тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттар бар.

Үміткердің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссиясының отырысы 26 сәуірге белгіленді.

Басты сөздер: Сайлау, Партиялар, Сайлау 2019,
Жоғары қарай