Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Алда әлеуметтік бастамаларды ілгерілету міндеті тұр - Латифша Асанов

2019 жылдың 24 сәуір 2019 21:42 995

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қалалық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Латифша Асанов алдағы күндері Нұр-Сұлтанда өтетін ҚХА сессиясы барша қазақстандықтар үшін жағымды жаңалықтарымен ерекшеленетініне сенімді,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Латифша Асановтың пікірінше, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алқалы басқосуда еліміздегі әлеуметтік-саяси, мәдени-рухани салаларына қатысты маңызды міндеттер  қолға алынатын болады.

«Баянды бастамалар  тұрақтылық пен келісімнің бұдан әрі нығаюына, еліміздің жан-жақты дамуына өз септігін тигізіп келеді. Биыл 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңындағы «Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғырту» тақырыбында өтетін сессияда Ассамблея мүшелері алдында бірлік пен келісімді нығайту, әлеуметтік бағыттағы жұмыстарды жандандыру жұмыстарына ерекше назар аударылады деген ойдамыз.  Өйткені, әлемде жүріп жатқан үдерістерге көз салар болсақ, дағдарыс қаржылық, экономикалық салалармен ғана шектелмей, әлеуметтік, этносаралық және дінаралық мәселелердің ушығуына себепкер болуы мүмкін»,- дейді Латифша Асанов.

Түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы сондай-ақ, басқосуда елімізде дағдарысқа қарсы кешенді шаралар қолға алынатыны сөз болады деп отыр. Мұндай шаралар тек қана экономика және әлеуметтік салалармен қатар, идеологиялық бағытта да кідіріссіз жұмыс істеуде.

«Алдымызда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі  және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясындағы бастамаларды ілгерілету міндеттері тұр. Осыған байланысты, Қазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық саласында ауқымды жұмыс жүргізіп келеді. Өткен жылдың  ІV тоқсанында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қала аумағында 19 қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылып, 122 азаматқа 1,8 млн теңгенің көмегі көрсетілді»,- дейді Латифша Асанов.

Айта кетейік, биыл ҚХА-ның  «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында ай сайын «Сарқыт», «Сыбаға», «Шашу», «Асар» сынды айдарлармен қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп, қала аумағындағы көмекке мұқтаж 100-ден астам азаматқа 2 млн теңге сомасында көмектер үлестірілген. Этномәдени бірлестіктердің көп балалы аналарға сый-құрмет көрсету, балалар үйлеріндегі қайырымдылық бағыттағы түрлі шаралары тұрақты жалғасып келеді.

«Мемлекетте қоғамдық-саяси тұрақтылық болмай, экономикалық салада жетістік болмайтыны мәлім. Сондықтан, халқымыздың бірлігін бұдан әрі нығайту міндеті тұр. Қашанда еліміздегі маңызды  бастамаларды іске асыруда алдыңғы қатарда жүрген ассамблея мүшелері алдағы уақытта да бір шаңырақ астында бір үйдің баласындай белсенділік танытатын боламыз»,- дейді Латифша Асанов. 

 

 

Жоғары қарай