Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Аягүл Миразова: Сайлауда дұрыс таңдау жасау - болашағымыз үшін маңызды

2019 жылдың 17 сәуір 2019 16:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Президент сайлауынан соң қазақстандық қоғам кемеңгерлікке қарай қадам басады. Бұл туралы Қазақстанның Еңбек Ері, «Алтын жұлдыз», «Отан» ордендерінің иегері, Nur Otan партиясы АҚФ Саяси кеңесінің бюро мүшесі Аягүл Миразова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Орталық аппаратында болған құрылымдық филиалдар жетекшілерімен кездесуінде кезектен тыс президент сайлауы биліктің заңдылығын нығайтып, еліміздегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет екенін мәлімдеген болатын.

«Иә, бүгінгі тұрақтылықты көздің қарашығындай қорғап, Елбасын қолдап, алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасау - болашағымыз үшін қажет екені даусыз. Еліміз Тәуелсіздік жылдары жүз жылда жүзеге асатын істерді атқарып, дамыған елдер қатарына қосылуды алдына мақсат етіп қойды. Бұл орайда, білім саласының өкілі ретінде мемлекетіміздің адам капиталын дайындау сапасын арттыру жолындағы саясаты бойынша ұлттық мазмұнда тәрбие беріп, әлемдік білім кеңістігі мазмұнымен үндесуді жүзеге асырып жатқанын ұлы іс деп білемін. Нақтырақ айтсам, «Болашақ» бағдарламасы, Назарбаев университеті, Назарбаев зияткерлік мектептеріне бағдарлану жүзеге асып жатыр. Осы жылда жүздеген жаңа мектептер мен балабақшалар бой көтерді. Мұғалімдердің біліктілігі арта түсті», - деді Аягүл Миразова.

Nur Otan партиясы өкілінің айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың Мемлекет басшысы лауазымынан кетуі - кемеңгерліктің белгісі.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әрбір ұрпақтың атқаратын өз міндеттері бар. Мен және менің замандастарым еліміз үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Әлем өзгеріп, жаңа буын келеді. Бұл - табиғи процесс. Олар өз заманының проблемаларын шешетін болады. Сондай-ақ, елімізді одан әрі өркендету үшін бар күш-жігерін жұмылдыруға тиіс» деген сөзі - даналықтың кепілі. Қазақстандықтар және әлем қауымдастығы бұл шешімді, ең алдымен, жас мемлекетіміздің келешегіне, саяси тұрақтылыққа және бұдан әрі қарайғы дамуына бағытталған кемеңгерлік қадам деп қолдап, қабылдады. Енді алдағы кезектен тыс сайлау мейілінше ашық, әділ және демократиялық сипатта өтетініне сенім білдіріп, бәріміз белсене қатысуға тиіспіз», - деді А.Миразова.

Сарапшы отандастарын тәуелсіз Қазақстанның жарқын келешегі үшін, демократиялық жетістіктеріміз баянды болып, дамудағы сабақтастық үшін алдағы президент сайлауына бір кісідей қатысуға шақырды.

«Біздер, мұғалімдер қауымы, мемлекетіміздің білім саясатын жүзеге асырушылар ретінде, Елбасының бастамасымен белгіленген бағдарламалардың одан әрі сапалы жүзеге асуында бұл кезектен тыс сайлау нәтижелері аса маңызды деп білеміз. Жаңа сайлау осы ізгі ниетімізге жетуде игі ықпал етеді деп ойлаймын», - деді А.Миразова.

Фото: almaty-akshamy.kz

Жоғары қарай