Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Өмірзақ Шөкеев: Шекарадағы кеденшілер кептелісті қолдан жасап отыр

2019 жылдың 16 сәуір 2019 22:30

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Сарыағашта Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен жиын өтті. Басқосуда өңірдегі құқықбұзушылықты азайту мен құқық қорғау органдарының жұмысын жандандыру, шекарадағы кеден қызметін реттеу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алқалы жиынға облыс прокуроры мен сот төрағасы, Ішкі істер департаментінің бастығы мен аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысты. Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр сөз сөйлеп, өңірдегі жер саласындағы бірқатар мәселерге тоқталды. Сондай-ақ, облыстағы құқықбұзушылық жайлы облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Қ.айрат Дәлбеков баяндама жасады. Облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров пен облыстық сот төрағасы М.Баратбеков бірқатар ұсыныстар жасады. Жиында Өзбекстан шекарасындағы жүк көліктерінің кептелісі де сөз болды. Бұл жайында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев саладағы мәселені жауапты мамандарға дер кезінде шешуді тапсырды.

«Шекарада жүк көліктерінің кептелісі көп, санитариялық талаптар орындалмайды. Бұрын Ресейден келетін ағаш темір жолмен тасымалданатын. Қазір кеденшілер кептелісті қолдан жасап, темір жолмен келетін тауарды жүк көліктеріне тиеп, елге қолайсыздық тудырып отыр. Мұндай әдейі жасалған қиыншылықтар болмауы керек. Шекара қызметін жандандыру қажет», - деді облыс әкімі.

Жоғары қарай