Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Фидерлік желімен алғашқы қазақстандық жүк кемесі Бакуге аттанды

2019 жылдың 16 сәуір 2019 19:00

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтау теңіз портынан фидерлік желімен алғашқы жүк жөнелтілді. Ауылшаруашылық өнімдері тиелген қазақстандық «Түркістан» кемесі Бакуге аттанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан» кемесі салмағы екі тонналық контейнерлердің 225-ін сыйдыра алады. Жоба жүк тасымалын 10% арттыруға мүмкіндік бермек.

Фидерлік желінің ерекшелігі - экспорттық жүктер жедел жеткізіледі. Қатынау уақыты қысқа. Мәселен, астық өнімдері Бакуге 2 күнде, өзге де транзиттік жүктер Түркия арқылы Еуропа елдеріне 16 тәулікте тасымалданады. Жүктер бұрынғыдай портта кезек күтпей, кемеге бірден тиеледі. Енді «Түркістаннан» бөлек, тағы 3 кеме кестеге сай, аптасына бір рет тұрақты түрде Каспий айдынына жіберілмек.

Бүгін жолға шыққан «Түркістан» жүк кемесіне бидай мен бұршақ толы контейнерлер тиелді. Су кемесі тауарды Каспий айдынындағы Баку портына жеткізеді. Осылайша, Қазақстандық өнім әрі қарай Еуропаға жөнелтіледі.

«Өздеріңіз білесіздер,еліміздің транзиттік әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылуда. Маңғыстау өңірі - теңіз инфрақұрылымын шоғырландыру және пайдалану орталығы бола отырып, халықаралық экономикалық ынтымақтастықты арттыруға да үлес қосып жатыр. Фидерлік желіні іске қосу арқылы Ақтау порты арқылы тиелген жүк көлемі биыл 10%, 2020 жылы 22% артады. Бұдан бөлек, көптеген шетелдік инвесторларды тартуға жол ашылады», - деді жобаның іске қосылуына арналған шарада «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.




null

Жобаның маңыздылығын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев та атап өтті.

«Бұл маңызды үлкен жоба. Олай болатыны, сонау Шығыс Қытайдың Ляньюньганынан басталған жүктер барлық Қытайдың территориясымен, біздің елдің аумағынан өтіп, осы фидерлік кемемен Кавказ мемлекеттеріне, Түркияға, қара теңіздің маңайындағы Еуропалық мемлекеттерге барады»,-деді ол.




null

Шара соңында «Қазақстан темір жолы» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» АҚ арасында құрғақ жүктерді тасымалдау жөнінде келісімге қол қойылды.




null

Жоғары қарай