Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Мәдениет министрі Қалихан Жәнібекованың жақындарына көңіл айтты

2019 жылдың 13 сәуір 2019 15:20 1746

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың жұбайы Қалихан Жәнібекованың дүниеден өтуіне байланысты Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы марқұмның туыс-туғандарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Бүкіл өмірін халқына арнаған, ұлттық мүдде деген ұстанымды алға қойған, халықтың тарихы мен мәдениетін түгендеп өткен, жастардың болашағына алаңдайтын  Өзбекәлі Жәнібеков сынды нар тұлғалы азаматтың жұбайы, ақмаңдай апамыз Қалихан  Айдосқызы Жәнібекова  да өмірдің бір мектебі боп, дүние салып барады. Алланың бағындай болған Қалихан апамыздың өнерге, мәдениетке деген қамқорлығы, мейірімі, даналығы  сағымға айналып, қобыз сарыны құлақ тұндырады. Туғанын кім қияды дейсіз. Оңай емес екенін түсінеміз. Дегенмен тәубе дейтін де нәрсе бар. Ол кісі Өздеріңіз секілді  арыс азаматтарға жарық күн сыйлады, өнегелі тәрбие берді. Немере, шөбере сүйді. Оның саналы өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі болып қалары сөзсіз» делінген Арыстанбек Мұхамедиұлының жеделхатында.

Айта кетейік, Мәдениет және спорт министрлігі М.Тынышбаев атындағы Қазақстан Көлік және коммуникация Академиясы баспаханасының директоры Бауыржан Өзбекәліұлы Жәнібековке аяулы анасы Қалихан Айдосқызы Жәнібекованың қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтты. 

 

 

Жоғары қарай