Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Әйгілі рекордшы Марат Жыланбаев «ATYRAU MARATHON» жарысына қатысады

2019 жылдың 11 сәуір 2019 21:17

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Әйгілі рекордшы Марат Жыланбаев 14 сәуірде жыл сайынғы Atyrau Marathone-2019 қайырымдылық жарысына қатысады. Марафон қарсаңында қазақстандық рекордшы жарыстың қатысушыларымен жаттығу өткізеді. Бұл туралы ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Юрий Пономарев мәлімдеді.

"Марат Төлегенұлы бір күн бұрын Атырауға келіп, жаппай жарыстың қатысушыларымен жаттығу өткізеді. Өздеріңіз білетіндей, біздің қазақстандық чемпионымыз марафондар мен ультра-марафонға арналған жеке оқыту жүйесін әзірледі және осы жүйеге негізделген жаттығу өтетін болады", - деді Юрий Пономарев.

Естеріңізге сала кетейік, Марат Жыланбаев Африкадағы, Австралиядағы, Азиядағы және Американың ең үлкен шөлдерін жүгіріп өткен жалғыз адам. Біздің отандасымыз жеті жетістіктің авторы, ол Гиннестің рекордтар кітабынан лайықты орын алды. Спорттық мансап жылдарында 160 мыңнан астам шақырым қашықтықты бағындырған.


null

"Бүгінде жыл сайынғы Атырау марафонына қатысуға тіркеу жабық, ұйымдастырушылар жарысқа дайындықтың соңғы кезеңіне жетті", - деді Юрий Пономарев.

Айта кетелік, әлемдік рекордшы Марат Жыланбаевпен дайындық 13 сәуір күні сағат 17.00-де стадионда өтеді.

Автор Абай Абылайұлы
Басты сөздер: Спорт, Атырау облысы,
Жоғары қарай