Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 383.01
EUR 430.12
RUB 6.10
CNY 55.70

Жапонияның Қазақстандағы елшісі Семей мектептерін аралады

2019 жылдың 10 сәуір 2019 23:00 735

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат-  Семейге Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Тацухико Касаи келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймаққа сапары барысында Тацухико Касаи Семейдің əкімі Ермак Сәлімовпен кездесті. Өз кезегінде әкім қала қонағына қаланың тарихы мен көрнекі жерлері туралы айтып, Семей мектептері үшін көрсетіп жатқан көмек үшін алғыс білдірді.

Өйткені қалада бірнеше жыл  «Корни травы» әлеуметтік жобасы іске асуда. Атадмыш жоба аясында  11 білім беру мекемесінің жөндеу жұмыстарына қаржылық көмек көрсетілді. Мысалы қаладағы №23 мектептің 195 терезесі, №25​ мектепте  209, ал №3 мектепте  241 ескірген терезе ауыстырылды. Елші аталған мектептерге ат басын арнайы бұрып, атқарылған жұмыс барысымен танысты.

Тацухико Касаи өз сөзінде  әлеуметтік жобаның Семейде ары қарай жүзеге асатынын айтты.

 "Біздің жобаның көмегі тиіп жатқанына мен өте қуаныштымын. Себебі, оқушылар жайлы сыныптарда білім алып жатыр. Сондықтан алдағы уақытта да жоба өз жұмысын жалғастырады",  - деді Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Тацухико Касаи.

Айта кету керек, 22 жылдың ішінде жапониялық тарап елімізде аталмыш жоба шеңберінде 100 әлеуметтік жобаны іске асырса, соның 24-і шығыс өңіріне тиесілі.

 

 

Жоғары қарай