Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

I тоқсанда Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің бағасы 2,9% өсті

2019 жылдың 8 сәуір 2019 21:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың наурызында 1 шаршы метр тұрғын үйдің орташа құны 278 242 теңгені құрады және өткен аймен салыстырғанда 0,3%-ға, 2018 жылғы желтоқсан айынан бастап 0,9%-ға, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тұрғын үй бағасы 2,9% қымбаттаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіне сілтеме жасап.

Жақсы жабдықталған тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің орташа сату көлемі наурыз айында 190 583 теңгені құрады (қаңтармен салыстырғанда 0,4%, 2018 жылдың желтоқсанынан бастап 1%, 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда - 2,4%-ға артқан), жабдықталмаған пәтерлер - 119,309 теңге (+ 0,2%, + 0,9% және + 3,1%).

Қазақстанда 1 шаршы метр жабдықталған тұрғын үйді жалға берудің орташа құны өткен айда 1 431 теңгені құрады (0, +2,2% және +7,6%).

Жоғары қарай