Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 432.47
RUB 6.12
CNY 55.78

Елордадағы тұңғыш плоггинг: Тұрғындар жүгіріп, қоқыс жинады

2019 жылдың 7 сәуір 2019 18:40 1432

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Экологиялық науқанға 400-ден астам қала тұрғыны қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін «Спарта Астана», «Біз таза ел үшін» экологиялық қозғалыстары мен «Спарта Астана» клубы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Менің қалам - таза қала» акциясын өткізді.


null

Плоггинг - әлем бойынша танымал шара. Ұйымдастырушылардың атап өтуінше экологиялық қозғалыс - салауатты өмір салтын ұстану мен табиғатқа деген қамқорлықтың үйлесімділігі. Акцияға қатысушылар жүгіру кезінде қоқысты жинайды.


null

«Бүгінгі іс-шара - плоггинг. Оны біз қоршаған ортаны сақтау және табиғатқа деген қамқорлықты таныту мақсатында өткізіп отырмыз. Жақында біз жүгіріп өтіп, қаладағы қар еріген соң, қоқыстың көп екендігін байқадық. Сол себепті біз пайдалы шараны ұйымдастыруды жөн көріп отырмыз. Бізді көпшілік қолдағанына қуаныштымыз», - дейді экобелсенді Әсел Құспанова.


null

Барлығы акцияға 400-ден астам адам қатысты. Қала тұрғындары таңның атысынан Орталық және Триатлон саябақтарында, Ботаникалық бақта, Кеңесары ханның ескерткіші маңында жиналды. Белсенділердің тағы бір тобы «Жерұйық» саябағында жиналып, аумақты ретке келтірді.


null

Плоггинг аясында қоқыс жиналған ең үлкен қапшықты анықтауға бағытталған конкурс өткізілді. Әр саябақта белсенділер тобы қаптарды таразыда өлшеп, жеңімпаздарды анықтады. Сондай-ақ, елорданың саябақтарында өңдеуге жөнелтілген қоқысты іріктеу бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.

 

 

Басты сөздер: Экология, Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай