Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Павлодарда 15 жыл бойы құжатсыз жүрген азамат жеке куәлік алды

2019 жылдың 6 сәуір 2019 16:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мобильді қабылдау акциясы аясында 15 жыл бойы құжатсыз жүрген Павлодар облысының тұрғыны жаңа жеке куәлікке ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жолда қабылдау» акциясы аясында павлодарлық полицейлер Красноармейск ауылының 36 жастағы тұрғынына көмектесті. Азамат осыдан 15 жыл бұрын жеке куәлігін жоғалтып алған және оны қайта жасатудың былығы көп деп ойлап, тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінбей жүре берген. Бүгін ол мобильді қабылдауға келіп, тәртіп сақшыларынан қажетті консультация алды. Полицейлер оның құжатын жедел түрде қайта жасатып, қол ұшын берді», - деп жазылған ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің Фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетсек, кешеден бері екі күн бойы ел аумағында «Жолда қабылдау» акциясы жүріп жатыр. Шараның мақсаты - халықпен кері байланысты және полиция бөлімшелері басшыларының еліміздің бүкіл өңірлерінің азаматтарымен жеке кездесуін қамтамасыз ету.

Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Заң, Павлодар облысы, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай