Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

БҚО-да мал іздеуге шыққан тұрғындар адасып кетті

2019 жылдың 5 сәуір 2019 20:44

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Сырым ауданында мал іздеуге шыққан қос тұрғын адасып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше Қособа ауылдық округіне қарасты Жаманкөл қыстағында орын алған. Сағат 19.00-де мал іздеуге шыққан 1981 және 1988 жылғы азаматтар бағытынан айырылып қалған.

Олардың жоғалып кеткені жөнінде хабар 22.30-да түскен. Тұрғындарды ТЖ департаментінен 2 қызметкер бір көлікпен іздестірді. Екі сағаттан кейін, 00.35-те адасқандар Қамыстыкөл қыстағынан 2 шақырым жерден табылып, аудан орталығы Жымпитыға жеткізілді. Жағдайлары бірқалыпты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 83 жастағы қарияның іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.

«Қария әлі іздестірілуде, табылған жоқ», деп хабарлады ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен.

Жоғары қарай