Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Ақтөбеде жалған көлік нөмірлері 19 200 теңгеден сатылып келген

2019 жылдың 4 сәуір 2019 19:03 1269

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Жасырын сатып алушы» әдісімен мемлекеттік нөмірді 19 200 теңгеге сатып алуға болатыны анықталды. Тексеру кезінде көлік нөмірлерінің жалған екені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Мұхтарита Сағындықованың айтуынша, жасырын сатып алу кезінде алаяқтардың ісі әшкереленді.

«Мониторинг кезінде 2 күнде белгілі бір сомаға мемлекеттік нөмірді дайындауға болатыны анықталды. Ал мемлекеттік көлік нөмірінің көшірмесін өңірлерде 15 жұмыс күнінде және Нұр - Сұлтан мен Алматы қалаларында 5 жұмыс күнінде алуға мүмкіндік бар. Бұл үшін бар болғаны 7070 теңге теңге төлейді, барлық айыппұлдары өтеледі. Дегенмен, кейбір тұрғындар айыппұлдан құтылып, уақыт үнемдеуді көздеп, делдалдарға жүгінеді. Сол кезде жемқорлыққа жол беріледі. Егер жалған нөмірмен жүрген көлік иесі жол-көлік оқиғасына тап болып, оқиға орнынан кетіп қалса, оларды табу мүмкін емес. Қазір осы дерекке қатысты полициямен жұмыс жүріп жатыр», - деді «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Мұхтарита Сағындықова.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік нөмірлерін оңай жасап, тапсырысты орындап отырған адамдар кездесу орнына келмеген. Дегенмен, жасырын сатып алушы мен тапсырыс орындаушы арасындағы келісім жазбасы сақталды.

 

 

 

 

Жоғары қарай