Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Әскери прокуратура органдарында бірқатар тағайындаулар болды

2019 жылдың 2 сәуір 2019 21:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бас Прокурордың бұйрығымен әскери прокуратура органдарында кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас әскери прокуратураның Telegram-каналына сілтеме жасап.

Бас әскери прокурордың орынбасары лауазымына әділет полковнигі Дархан Ғалиханұлы Ержанов тағайындалды.

Д. Ержанов 1975 жылы Қостанай облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1996 жылы Қостанай қаласы прокурорының көмекшісінен бастап, кейін Қостанай облыстық прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында түрлі лауазымдар атқарған.

2009 жылдан бері Қостанай гарнизонының әскери прокуроры болған.

Прокуратура органдарындағы қызметінің жалпы мерзімі - 22 жылдан астам.

***

Батыс аймағының әскери прокуроры лауазымына әділет подполковнигі Нұрлан Амантайұлы Айтуғанов тағайындалды.

Н. Айтуғанов Шымкент қаласында 1981 жылы туған.

2002 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің құқықтану факультетін және 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Орал гарнизоны әскери прокурорының көмекшісінен бастап, кейін Ақмола гарнизоны әскери прокуратурасы мен Бас әскери прокуратурасында кезегімен лауазымдар атқарған.

Осы тағайындауға дейін ол Ақмола гарнизоны әскери прокурорының орынбасары болған.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі - 12 жылдан астам.

Жоғары қарай