Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Қызылорда облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

2019 жылдың 2 сәуір 2019 21:57

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бақытжан Намаев Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бақытжан Біләлұлы облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

Бақытжан Намаев 1964 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Саяси экономика» мамандығы бойынша, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларды жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институтының Алматы филиалы жалпытехникалық факультетінің ассистенті болып бастаған. Әр жылдары жеке сектор мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жүйесінде жауапты басшылық лауазымдарда және «Батум мұнай терминалы» компаниясының бас директоры лауазымын атқарған.

2018 жылдың наурыз айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Жоғары қарай