Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

Қарағандыда биыл жаңа емхана ашылады

2019 жылдың 2 сәуір 2019 17:43

КАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды және Теміртау қалаларында биылғы жылы емханалық қызмет көрсететін үш нысанның құрылысы басталады, сондай-ақ облыс орталығының «Восток-2» ықшам ауданында жаңа емхана пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылы өңірде 11 жоба іске асырылады, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмін қолдану да қарастырылған.

Қарағанды облысында амбулаторлық-емханалық ұйымдар желісін дамыту және жаңғырту шаралар жоспары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев айтып берді.

«Жезқазғанда аурухана қалашығын қалпына келтіру жұмыстары аяқталады, оның аумағында қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жабдықталған кеңес беру-диагностикалық орталық құрылады. Шахтинскіде ауруханалық қалашықты жөндеу жұмыстары жалғасуда. Нәтижесінде емхананың жалпы аумағы 1,5 мың шаршы метрден асатын болады», - деді Ержан Нұрлыбаев.

Оның айтуынша, Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада жаңа кеңес беру-диагностикалық орталық құру қызмет санын 20% - ға арттыруға мүмкіндік бермек. Ол емделушілер мен медициналық қызметкерлерге қолайлы жағдай жасауға уәде берді.


null

Басқарма басшысының мәліметінше, ауыл тұрғындары да назардан тыс қалмайды. Жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Облыста қызметтік тұрғын үй бөлу арқылы медицина мамандарының тапшылығы мәселесі шешілуде.

әШахтинск, Абай, Қарағанды және Жезқазғандағы дәрігерлерге биыл жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталған 69 пәтер кілтін тапсыру көзделіп отыр», деді Ержан Нұрлыбаев.

Қарағанды облысында 45 БМСК (Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету тәртібі - авт.) ұйымы жұмыс істейді, оның 17-і жеке меншік мекеме.

Жоғары қарай