Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Тікұшақ апаты: Данияр Қоңырбаев он күн бұрын әскери институтта біліктілігін жетілдірген

2019 жылдың 31 наурыз 2019 15:30

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Тікұшақ апаты кезінде қаза болған Данияр Қоңырбаев таяуда ғана туған жеріне келіп, біліктілігін жетілдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, тікұшақ апаты кезінде қаза болған 33 жастағы Данияр Қоңырбаевтың үш баласы бар, ең кенжесі 3 айлық. Ата-атасы Мұғалжар ауданында тұрады.

Бүгін қаза болған әскери қызметкердің денесі туған жерге жетті.

«Бауырым он күн бұрын ғана Ақтөбеге келіп, әскери институтта біліктілігін арттырды. Сол кезде туған-туыстарын аралап, өз жоспарымен де бөлісті. Данияр әскери академияға оқуға түсуді армандаған болатын. Үш ай бұрын ғана үшінші баласы өмірге келді», - деді ағасы Асқарбек Дәулетов.

Майор Данияр Қоңырбаев мектеп бітіріп, 2003 жылы Т.Бигельдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институтына оқуға түсті. Оқу орнын бітірген соң Үшаралда, Талдықорғанда, Ақтауда еңбек етті. Ол бала кезден ұшқыш болуды армандаған екен.

«Біз тек сараптама қорытындысын күтеміз, - деді ағасы Асқарбек Дәулетов.

Еске салсақ, 27 наурыз күні кешке Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады.

Барлығы 13 адам қаза болды.

Қаза болған әскери қызметкерлердің денесі бүгін жер қойнына тапсырылды.

Жоғары қарай