Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Қарағанды облысының әкімі су басу қаупі бар аумақтарды тікұшақпен шолып қайтты

2019 жылдың 30 наурыз 2019 19:32

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін су тасқыны кезінде өңір тұрғындары мен аумақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын орындау аясында облыс әкімі Ерлан Қошанов Қарағанды облысының су тасқыны қаупі төніп тұрған аймақтарын аралап қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Барлау бағыты Самарқанд, Шерубай-Нұра және Жартас су қоймалары, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Абай және Шет аудандарының елді мекендері арқылы өтті.

Тікұшақпен аралау кезінде Шет ауданының Қызыл ауылында қону жүзеге асырылды. Облыс әкімі елді мекендегі су тасқынына қарсы іс-шараларды өзі жеке тексеріп өтті.

29 наурызда Шет ауданында еріген қар суының деңгейі ұлғаюына байланысты Қызылқой өзені арнасынан шығып кетті. Су жүруінің салдарынан ауыл шетінде орналасқан екі үй су астында қалды. Оқиға орнына Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелерінің күштері мен құралдары жіберілді. Қазіргі таңда елді мекенде су сорып алу жұмыстары жүргізілуде және Қызылқой өзенінің бойында 1500-ге жуық (ұзындығы 600 метр, биіктігі 40 см) қаптарды төсеу арқылы бөгетті нығайту жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта су деңгейінің төмендеуі байқалады. Оқиға орнына жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД бөлімшелері жұмылдырылған.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және көктемгі су тасқыны салдарын азайту мақсатында Қарағанды облысында апаттық-құтқару және шұғыл жұмыстар жалғасуда.

Сарысу өзендерінің бассейндерінде Шет және Жаңаарқа аудандарының аумағында су деңгейінің көрсеткіштері әлі де жоғары. Сондай-ақ, Нұра, Шерубай-Нұра өзендерінде де су көлемінің ұлғаюы байқалуда.

Жедел түрде қолданылған шаралардың көмегімен Жаңаарқа ауданының Орынбай және Атасу елді мекендеріндегі және Абай ауданының Құлайғыр ауылындағы жағдай тұрақталды. Сондай-ақ, Шет ауданындағы Көктінкөлде (56 разъезд) су деңгейінің төмендеуі байқалады.

Еріген қар суының қарқынды жүруі және өзендердің деңгейі көтерілуіне байланысты республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде су ағыны сақталуда.




null
Су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда.

Облыстық су тасқынына қарсы штабтың жұмысы жалғасуда.




null




null

Жоғары қарай