Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Атырауда Мұнайшы стадионының футбол алаңы жаңартылуда

2019 жылдың 30 наурыз 2019 18:35

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Мұнайшы стадионының футбол алаңы жаңартылуда.

Жөндеу жұмыстары демеушілердің көмегімен жүзеге асырлуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

ҚР футбол федерациясының сертификаттау комитетінің 2019 жылғы 14 ақпандағы шешімі бойынша сертификаттау комиссиясының сараптама қорытындысы шыққанға дейін «Атырау» ФК-ның алаңы ойын өткізуге жарамсыз болып табылады.

Аталған жағдайды қалыпқа келтіру мақсатында «Атырау» кәсіпқой спорт клубы» қоғамдық қоры екі ай бойы демеушілерге ұсыныс жасады. «GAZ story montazh KZ» ЖШС-і ұсынысты қабыл алып, алаңды қайта жаңғырту жұмыстарын бастады.

«2019 жылдың 28 наурызында «Мұнайшы» футбол стадионына жасанды алаң төсеу жұмыстарын бастадық. Жұмыстарға қажетті барлық техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда қазу жұмыстары жасалуда. Алдымен жоғарғы қабатын, одан кейін құм және қиыршық тас төсейміз. Содан соң жасанды алаңға қажетті материалдарды әкеліп, дайындаймыз»,-дейді инженер-құрылысшы Рахман Хайтқұлов.

Бұрынғы тірі шөп газондары пайдаға аспауына байланысты, демеушліер көмегімен жасанды алаң салынуда. Жаңа алаң ФИФА-ның барлық талаптарына сәйкес келеді. Жөндеу жұмыстары біткен соң футболшылардың игілігіне жарамақ.

Қазіргі таңда «Атырау» футбол клубы өз алаңындағы кезекті ойындарын Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана-Арена» алаңында өткізуге мәжбүр. Шұғыл және сапалы түрде жұмыстар аяқталған бойда жергілікті команда өз алаңында ойындарын жалғастыратын болады.

Инженер-құрылысшы Рахман Хайтқұлов бастаған команда жұмысы әлем бойынша жоғары бағаланып келеді. Оның ішінде Санкт-Петербургтегі «Зенит-Арена» және Алматы-Арена спорт кешенін ерекше айтуға болады.




null

Автор Абай Абылайұлы
Басты сөздер: Құрылыс, Атырау облысы,
Жоғары қарай