Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Атыраудағы мектеп-интернат басшылығына қатысты қызметтік тергеу басталды

2019 жылдың 30 наурыз 2019 16:12

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Тілінде ақауы бар балаларға арналған мектеп-интернатта бұрын Атырау облыстық прокурорларының ұстаздар тарапынан кұш көрсету фактілері анықталған еді. Осы оқиға бойынша қызметтік тергеу басталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкеновтың тапсырмасымен мектеп-интернат басшылығының тарапынан балаларға зорлық-зомбылық көрсету жағдайына байланысты тексеру жүргізетін комиссия құрылды. Енді қажет болған жағдайда қылмыстық қудалау, оның ішінде жұмыстан босату туралы шешім қабылданады.

«Қазір прокуратура балаларға кұш қолданған тәрбиешілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл жабайылық және біз бұған тосқауыл қоюымыз керек. Алдымен мектеп-интернаттардың басшылығын тексерген жөн, бұл өз қызметтеріне салғырт қарау. Барлығын тексеріп, қатаң жазалау керек»,- деп тапсырды Серік Шапкенов комиссия жиынында.

Сонымен қатар, облыс әкімінің бірінші орынбасары мүмкіндігі шектеулі балаларды қадағалайтын жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқармасы басшысының орынбасарына «сөгіс» жариялауды тапсырды.

«Комиссия құрамына қоғам белсенділері кіреді, осы комиссияға кез келген мекемені кез келген уақытта қадағалап, тексеру құқығы берілуі тиіс. Ерекше балаларды оқытуды жеке қадағалаған жөн. Сондай-ақ, барлық мектеп-интернат сыныптарында ғаламторға қосылып, ата-аналардың, қоғам белсенділері мен тексеруші органға бақылауға мүмкіндік жасалады»,- дейді Шапкенов.

Автор Абай Абылайұлы
Басты сөздер: Білім, Атырау облысы,
Жоғары қарай