Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Білім министрі Ақмола өңірінің ұстаздарымен және студенттермен кездесті

2019 жылдың 29 наурыз 2019 17:59

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Ақмола облысында білім ордаларын аралап, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде педагогтармен және студенттермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сапар барысында ЖОО студенттері министрді «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбымен ұйымдастырылған көрменің мақсаттарымен таныстырды.

К.Шәмшидинова сондай-ақ ЯМР спектроскопия зертханасында болды. Онда ғалымдар ядролық магниттік резонанстық құбылысты пайдалана отырып, спектроскопиялық әдіспен химиялық объектілерді зерттейді.

Үкімет мүшелері, сонымен қатар медицина факультетінің симуляциялық орталығының, халықаралық бағдарламалар орталығының және медициналық технологиялардың 3D лабораториясының жұмысымен танысты. Онда дәрістер ағылшын тілінде жүргізіледі.


null

Университет ұжымымен, білім алушылармен кездесу барысында министр білім сапасын арттырудағы басымды бағыттарға тоқталды. Сондай-ақ, оқу ағарту саласындағы тың өзгерістер мен алдағы уақытта министрлік тарапынан атқарылатын ауқымды жұмыстар жоспарын тілге тиек етті.

Шараға қатысқан университет ұстаздары мен студент-жастар өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сауалдарын қойып, оларға нақты да тұшымды жауаптар алды.


null

Университет профессоры Бәрия Бадыққызы білім саласындағы бүгінгі түйткілді меселелер мен олқылықтарға тоқталып, олардың болашақта оң шешім табатынына үміт білдірді.


null

Өз кезегінде Білім министрі Шоқан Уәлиханов университетінің ректоры Марат Сырлыбаевтың ректорлық қызметіне сәттілік, ұстаздар қауымына шығармашылық табыс, ал студент-жастарға елміздің дамып-өркендеуіне өз үлестерін қосатын білімді де білікті маман болуларына тілектестік білдірді.


null

Еске салайық, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет мүшелері осы күндері жұмыс сапарымен Ақмола өңірінде жүр.


null

Олар аз қамтылған және көпбалалы отбасыларымен кездесіп, оларға қолдау шаралары жөнінде кеңінен түсіндіруде.

Жоғары қарай