Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Маңғыстауда көлік жүргізушілерінің қарызы 51 млн теңгеден асты

2019 жылдың 28 наурыз 2019 23:40 875

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда көлік жүргізушілерінің борышы 51 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл - жолда жүру ережесін сақтамаған көлік жүргізушілер мен қоғамдық тәртіпті бұзған тұрғындарға жыл басынан бері салынған айыппұл көлемі.

Берешегін өз бетімен қайтаруға асықпайтын азаматтармен күресу үшін өңірде «Борышкер» жедел алдын-алу шарасы өтіп жатыр. Жол сақшылары айыппұлдан жалтарған көлік жүргізушілерін арнайы техниканің көмегімен анықтауда. Үй-үйді аралап, СМС хабарлама жібереді. Нәтижесінде 2 күнде 8 млн теңге өндірілді. Айыппұлды төлеу мерзімі әлдеқашан өткен 3 көлік айып тұрағына қойылды. Маңғыстаулық борышкерлердің былтырғы қарызы 150 млн теңгеге жеткен. Жедел алдын-алу шарасының аясында соның 15 миллионы өндірілді. 

«Аталған іс-шара Маңғыстау аумағындағы көлік иелерінің төленбей қалған айыппұлын өндіру мақсатында ұйымдастырылды. Көп адамдар айыппұлы бар екенін білмей қалады. Мұндай шараларды бір тоқсанда екі рет өткізіп тұрамыз. Оң нәтижесін береді»,-дейді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің әкімшілік практика бөлімінің бастығы Сүйін Құрмантаев.

 

 

Жоғары қарай