Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Шымкентте бір жылда 13 адам өндірістік жарақаттан көз жұмды

2019 жылдың 28 наурыз 2019 22:15

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте бір жылда жұмыс орнында 62 жазатайым оқиға тіркеліп, одан 72 адам зардап шеккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өндірістік орында жарақат алғандардың 13-і мерт болған. Бұл туралы бүгін қалалық Еңбек инспекциясы және көші қон басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов айтты.

Қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторының айтуынша, жазатайым оқиғалардың тіркелуіне жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы, зардап шегушінің абайсыздығы мен технологиялық процестердің бұзылуы себеп болған. Сондай-ақ, қызметкерлердің жеке қорғану құралдарын пайдаланбауы мен белгіленген еңбек режимінің бұзылуы да жұмысшылардың жарақат алуына алып келген. Бұдан бөлек басқармаға жыл басынан бері азаматтардан түрлі мәселелер бойынша 238 арыз-шағым түскен. Брифингте 6 кәсіпорынның 27 млн теңге жалақы қарыз екенін айтқан басқарма басшысы өткен жылғы бұл көрсеткіш 192,8 млн теңгені құрағанын айтты.

«Қазіргі таңда азаматтығын алып үлгермеген оралмандардың жұмысқа орналасуы қиындап тұр. Себебі «оралман» статусы 1 жылға ғана беріледі. Белгілі себептерге орай осы уақыт аралығында азаматтық алуға құжат рәсімдеп үлгермегендер үшін 6 ай тағы қосымша уақыт беріледі. Өкінішке орай, осы уақытты да пайдаланбаған азаматтар бар. Сондықтан, осы азаматтарға 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін тағы да қосымша уақыт беріліп отыр. Осыны ескеріп, олар құжаттарын рәсімдеу жұмыстарын ертерек аяқтау қажет», - дейді Бауыржан Қалжанов.



null

Сонымен қатар, басқарма басшысы ағымдағы жылы «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқанын өткізу жөнінде дайындалған «Жол картасы» аясында атқарылатын іс-шаралар үш бағытта жүргізілетінін атап өтті. Аталған шаралар өндірістік жарақаттар мен зиянды еңбек жағдайын азайтуға, еңбекті қорғау мәдениетін көтеру мақсатында ұйымдастырылып отыр.



null

Жоғары қарай