Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Іле Алатауында қандай гүлдерді жұлуға тыйым салынған

2019 жылдың 28 наурыз 2019 20:14

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызыл кітапқа енген сирек және жойылып бара жатқан гүлді өсімдіктерді жұлғаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы мемлекеттік табиғи кешені аумағында Қызыл кітапқа енген бірнеше гүлді өсімдіктер - алатау бәйшешегі немесе крокус, алтай гимноспермиумы, Колпаковский иродиктиумы өседі.

«Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою заңмен қудаланады. ҚР ҚК-нің 339-бабына сәйкес заңды бұзған адамға 3000 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады. Болмаса сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады», - делінген парктің Фейсбуктегі парақшасында.

ҚР Қызыл кітабына енген әр гүлді өсімдікке келтірілген залал соммасы 0,5 айлық есептік көрсеткішпен бағаланады.

Жоғары қарай