Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Алматылық жастар концертте бас қосты

2019 жылдың 25 наурыз 2019 22:17

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Республика сарайында Астананың атауының Нұр-Сұлтан болып өзгеруін қолдау үшін арнайы концерт өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев әлемді көруге, армандауға, жетістікке жетуге мүмкіндік берді. Ол үнемі жастарға бағыт-бағдар беріп келеді. Біз ол кісімен бірге жүріп адаспай жол тауып келеміз. Маған Елбасымен кездесу бақыты бұйырды. Менің замандастарым да осы дәуірдің куәсі болды. Енді әр отандасымыз сол дәуірді Нұр-Сұлтан қаласынан көре алатын болады. Менің отаным - Қазақстан, астанам - Нұр-Сұлтан», - деді «G-38» қозғалысының өкілі Айсұлу Ерниязова.






Республика алаңы маңына бүгін жастар, қала қонақтары жиналды.






«Мен Қазақстанда тұратыным үшін бақыттымын. Мен өз Отанымда оқимын, еңбек етемін, ел дамуына үлес қосамын. Біздер тарихи оқиғаның куәсі болып отырмыз. Астанамызға Нұрсұлтан Назарбаевтың аты беріліп жатыр. Бұл - Елбасымыздың еңбегі мен қосқан үлесіне көрсетілген құрмет», - дейді «Вайнах» шешен бірлестігінің өкілдері.

Айта кетейік, 23 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан қаласы деп өзгеру туралы жарлыққа қол қойды.










Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай