Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Қазақстан - Ресей матчының нәтижесі қайта қаралуы мүмкін бе

2019 жылдың 24 наурыз 2019 23:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан - Ресей матчының нәтижесі қайта қаралуы мүмкін, өйткені алаңға бұрын айтылмаған ойыншы шығып кетті, деп жазады «SPORTINFORM».

Матчтың 30-минутында, есеп Ресейдің басымдығымен 0:1 болып тұрғанда алаңға «Қайраттың» қорғаушысы Ян Вороговский шықты. Алайда, ресми мәлімдемеде бұл футболшының аты-жөні көрсетілмеген болатын. Мүмкін жаттықтырушылар штабы оның фамилиясын матч хаттамасына қосуды ұмытып кеткен болар. Бірақ ақиқат солай - Вороговский тізімде жоқ.

«Негізі, қазақстандық тараптың осы бір ағаттығы үшін матч нәтижесі қайта қаралып, біздің команданың жеңілісі 0:3 есебімен техникалық жеңіліске жатқызылуы мүмкін», - деп жазады «SPORTINFORM».

Дегенмен, Евро-2020 іріктеу кезеңінің Қазақстан мен Ресей арасындағы матчында жұмыс істеп жүрген УЕФА қызметккерлері «Спорт-Экспресс» газетіне айтқандай, бұл - техникалық қателік қана. Олар ойынға қатысатын құрама мүшелерін толтыру жүйесінде Ян Вороговскийді белгілеуді ұмытып кеткен.

Жоғары қарай