Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Бүгін Президент Әкімшілігінде маңызды кадрлық өзгерістер орын алды

2019 жылдың 24 наурыз 2019 17:01

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінде бірқатар тағайындаулар жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Әкімшілігі басшысы қызметіне Бақытжан Сағынтаев келсе, Марат Тәжин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалған еді.




null Айта кетерлігі, 22 ақпанда Бақытжан Әбдірұлы: «Өткен екі жарым жыл бойы Үкімет тізгінін тапсырып, жоғары сенім білдіргені үшін Елбасына шынайы алғысымды білдіремін», - дей келе ел Үкіметінің отставкаға кеткенін жариялаған болатын.
1 наурызда Бақытжан Әбдірұлы Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы қызметіне келген еді.

Жалпы экономика ғылымдарының кандидаты деген ғылыми атағы бар Бақытжан Сағынтаев еңбек жолын жоғары оқу орнында оқытушылықтан бастаған болатын. Содан бергі уақытта биліктің барлық сатысынан өтті. ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы, Павлодар облысының әкімі, ҚР Экономикалық даму және сауда министрі, «Нұр-Отан»ХДП Төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары -Өңірлік даму министрі лауазымында қызмет етті.
2016 жылдың 9 қыркүйегінен еліміздің Үкіметін басқарды. Елге сіңірген еңбегі де елеусіз қалған жоқ. «Құрмет» орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталды.




null Айта кетерлігі Әсет Өрентайұлы Исекешев Президент Әкімшілігі басшысы қызметінде жарты жылдан астам уақыт басқарды. Оған дейін Астана қаласының әкімі болған еді. Әкім қызметтен әкімшілікке ауысқан кезде әлеуметтік желіде оның қала басшысы ретіндегі қызметіне жоғары баға берілген лебіздер өте көп болғаны есте.
Жалпы, Әсет Исекешевті биліктің барлық сатысынан өтіп, министр, Президент көмекшісі, Премьер-Министрдің орынбасары сынды лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды.






nullАл Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалған Марат Мұханбетқазыұлы социологиялық ғылымдар докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі, Ресей Әлеуметтік ғылым академиясының академигі, ҚР Саяси ғылым академиясының академигі секілді ғылыми атағы бар. Ол да еңбек жолын ғылыми-ағартушылық қызметтен бастаған.
Марат Тәжин ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұсында Президент Әкімшілігінде лауазымды қызметтер атқарды. Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары, Президент көмекшісі болды. Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетіне төрағалық етіп, Сыртқы істер министрлігімізге басшылық жасады.
Тіпті, 2013 жылдың 16 қаңтарынан 2014 жылдың 21 қаңтарына дейін тура бір жыл 5 күн еліміздің Мемлекеттік хатшысы болып, мәдени-тарихи бағыттағы бағдарламалардың дүниеге келуіне және олардың жүзеге асырылуына ұйытқы болған еді. Одан кейін 3 жылын дипломатиялық қызметке арнап, Ресейдегі Қазақстанның Төтенше және өкілетті Елшісін қызметін абыроймен атқарды. Мемлекет алдындағы еңбегіне орай 1-ші дәрежелі «Барыс», «Құрмет» ордендерімен марапатталды.




nullТағы бір тағайындау, Қ.Тоқаев Мұрат Нұртілеуовті өзіне көмекші етіп

тағайындады. Осылайша, 2016 жылдың наурызынан бері Қазақстанның Филяндиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып жүрген ол астанаға оралды.
Жалпы, Марат Әбуғалиұлы 1998 жылдан бері еліміздің сыртқы істер министрлігі жүйесінде жұмыс істегенімен соңғы 3 жылда ғана Елші лауазымын атқарып жүрген болатын. Дегенмен, осы аралықта ол өзін білікті дипломат ретінде таныта білді. Өткен жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың Хельсинкиге сапарын жоғары деңгейде ұйымдастырған еді.
Жоғары қарай