Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Қазақстан-Ресей матчын көретіндер «Астана-Арена» стадионына ертерек келуі керек

2019 жылдың 24 наурыз 2019 15:27 1201

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан-Ресей матчының өтуіне байланысты астаналықтар өз бағдарын алдын ала жоспарлауы қажет. Өйткені көшелерде кептелістер туындауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

«Қазақстан және Ресей командалары арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу раундының өтуіне байланысты 24 наурызда қаланың сол жақ жағалауындағы Тұран, Қабанбай батыр даңғылдары, Керей мен Жәнібек хандар, Сарайшық сияқты көшелерде кептелістердің туындауы мүмкін екендігін хабарлаймыз»,  - деп жазды қалалық Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин Фейсбуктегі парақшасында.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметі бойынша матчты көруге ниеттілердің саны көп.

«Осыған орай өз бағдарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Ал ойынды көргісі келетін футбол жанкүйерлеріне «Астана-Арена» стадионына матчтың басталу уақытынан екі сағат бұрын келуге кеңес береміз», - деп атап өтті Есин.

Қазақстан және Ресей командалары арасындағы матч бүгін сағат 20:00-де басталады. 

Басты сөздер: Ресей, Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай