Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Джохар Өтебеков лицензиясынан айырылмайды - Адвокаттар алқасы

2019 жылдың 22 наурыз 2019 19:45

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық адвокаттар алқасы өз әріптестеріне әлеуметтік желілерде адвокаттың кәсіби этикасына қайшы келетін пікірлерді білдіруден тартынуға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республикалық адвокаттар алқасының ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде Facebook әлеуметтік желісіндегі пікірлеріне байланысты заңгер Джохар Өтебековті лицензиядан айыруға емес, тәртіптік жауапкершілікке тартуға қатысты мәселені қарау ұсынылғаны айтылған.

«Адвокат әділдік пен заңдылыққа қол жеткізу үшін өзінің кәсіби білімін, оның ішінде сот тәртібімен, заңды шектен шықпай пайдалануға мүмкіндік беретін барлық құқықтық әдістер мен тәсілдерге ие екендігіне назар аудартамыз. Әлеуметтік желілердегі адвокаттың мінез-құлқы кәсіптік салада адвокаттың өзге де әрекеттері сияқты барлық талаптарға сай болуы керек», - делінген хабарламада.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Интернет,
Жоғары қарай