Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Наурыздан Наурызға дейін: 2018 жылға фото-қорытынды

2019 жылдың 22 наурыз 2019 15:23

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен Ит жылы еліміздегі әлеуметтік, экономикалық, мәдени салалары үшін маңызды оқиғалармен есте қалды. Наурыз қарсаңында ҚазАқпарат агенттігі 2018 жылы болған айтулы оқиғаларға фотошолу ұсынады.

2018 жыл. Наурыз

5 наурыз. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі жарияланды.




null

Жаңа бастамада баспана алудың жаңа мүмкіндіктері, Жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүктемесін азайту, студенттерді жатақханамен қамту, шағын несие беруді көбейту және елді газбен қамтамасыз ету ұсынылды.




null

15 наурыз. Қазақстандағы Өзбекстан жылы ресми түрде ашылды.




null

Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылу рәсімі ұлы Наурыз мейрамы қарсаңында өтті. Іс-шара Орталық Азия елдері басшыларының алғашқы консультативтік жұмыс кездесуіне тұспа-тұс келді.





null


null

Жиын соңында Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан зор үлесі үшін Шавкат Мирзиёевке І дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.

2018 жыл. Сәуір

2 сәуір. Қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайтын «Әміре» фильмі жарық көрді.




null

«Әміре» фильмі 23-28 қазан аралығында Лос-Анджелесте өткен Hollywood Film Festival халықаралық фестивалінде жеңіске жетті.

12 сәуір. Рухани жаңғыру бағдарламасының «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған алғашқы 18 кітап таныстырылды.




null

Бұл оқулықтар еліміздегі 115 жоғары оқу орнына 10 мың данамен таратылды және электронды нұсқасы Интернет арқылы еркін қолданысқа берілді.




null


null

2018 жыл. Мамыр

19 мамыр. Киноөнер шеберлерін анықтайтын 71-ші Канн фестивалінде қазақстандық актриса Самал Еслямова «Үздік әйел рөлі» жүлдесін жеңіп алды.




null

С. Есләмова басты рөлді сомдаған «Айка» фильмі Қазақстан атынан америкалық «Оскар» сыйлығына ұсынылып, шетелдік фильмдердің үздік тоғыздығына енді.




null

17-19 мамыр. XI Астана экономикалық форумы өтті. Оған әлемнің үздік сарапшылары жиналды. Кезекті жиында ресурстар, роботизация, адамзаттың өзгеруі, агроөнеркәсіп саласындағы жетістіктер, денсаулық саласының мәселелері талқыланады.




null

Форумға әлемнің түрлі елдерінен 500-ге жуық спикер келді. Топ-спикерлер арасында Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд, БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун, физик, футуролог Митио Каку, Apple компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Возняк бар.




null

2018 жыл. Маусым

19 маусым. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру және облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды.



null

Осылайша, Түркістан облыс орталығы атанып қайта түлесе, халқының саны миллионға жеткен Шымкент шаһары ірі мегаполиске айналды.




null
2018
жыл. Шілде

1 шілде. Домбыра күні алғаш рет тойланды. Мемлекет басшысының бұл бастамасына қолдау ретінде Қазақстанның көптеген өңірлерінде өнерпаздар бір уақытта домбырамен күй орындады.




null

5 шілде. Астанадағы ЭКСПО-2017 аумағында халықаралық деңгейде қаржылық қызмет көрсететін «Астана» Халықаралық қаржы орталығы ашылды.




null

6 шілде. Қазақстан жұртшылығы Астананың 20 жылдығын атап өтті. Мерейтой құрметіне жыл бойы түрлі мәдени, спорттық шаралар ұйымдастырылды.




null

19 шілде. Алматы қаласында белгілі спортшы, мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада жүлдегері Денис Тен бұзақылардың қолынан мерт болды. Қаралы хабарға Қазақстанмен қатар әлем жұртшылығының қабырғасы қайысты.




null


null

2018 жыл. Тамыз

12 тамыз. Ақтауда 5-ші Каспий саммиті өтті. Онда 25 жылдан бері күрделі проблема болған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі айқындалды.




null

6 тамыз. Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан тағы бір Алтын адамның табылғаны расталды. Барлық алтын бұйымдар сол күйінде сақталған. Жерленген адамның жасы 16-17 жас мөлшерінде деген болжам бар.




null

2018 жыл. Қыркүйек

10 қыркүйек. Астана қаласының әкімі болған Әсет Исекешев ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды. Әсет Исекешевтің орнына Астана әкімі лауазымына ҚР Қаржы министрі болған Бақыт Сұлтанов тағайындалды.




null



16 қыркүйек. АҚШ-тың Лас Вегас қаласында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) жекпе-жекте алғаш рет жеңіліс тапты. Одан бір жыл бұрын қос боксшы Лас-Вегаста кездесу өткізіп, төрешілердің шешімімен тең түскен болатын.




null

2018 жыл. Қазан

10-11 қазан. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі өтті. Жиынға 46 елден әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері, беделді діни лидерлер, саяси қайраткерлерден құралған 82 делегация қатысты.




null

5 қазан. Қазақстан Ресупбликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауы жарияланды.




null

Жолдауда Мемлекет басшысы ең төменгі жалақының мөлшерін 1,5 есеге арттыру, ТКШ мен табиғи монополия қызметінің тариф саласын ретке келтіру, шағын және орта бизнеске салық амнистиясын жүргізу, «қарапайым бұйымдар экономикасы» аталатын, халық көп тұтынатын тауарлар тізбесін шығару , ауыл шаруашылығы мамандарын жаңа технологиялар бойынша жаппай оқыту, аймақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

11 қазан. Әйгілі жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза қайтыс болды. «Ұлт руханиятында өзіндік қолтаңба қалдырған, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған нар тұлғалы қаламгердің жарқын бейнесі ешқашан ұмытылмайды», - деп көңіл айтты Президент Нұрсұлтан Назарбаев.




null


null


null

31 қазан. Қазақстандық бітімгершілік полк құрама бітімгершілік ротасының 120 әскери қызметшісі «Индбат» үнді батальоны құрамында «Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері» миссиясына қатысу үшін Ливан Республикасына барды.




null

2018 жыл. Қараша

19 қараша. Димаш Құдайберген Лондонда ауқымды концерт өткізді. Онда Димаш оркестрмен жанды дауыста ән салды және әндерінің 60% қазақ тілінде шырқады. Әншінің жанкүйерлері Қазақстан, Чехия, Бельгия, Ұлыбритания, Қытай, Канада, Германия, Ресей, Финляндия, Чехия секілді әлемнің 45 елінен жиналды.




null

21 қараша. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды. Өз мақаласында Президент нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы қазақ даласының рөлін баяндайды.




null

29 қараша. Қорқыт ата мұрасы мен қазақ атбегілерінің көктемгі жоралғылары ЮНЕСКО Адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгізілді.




null

2018жыл. Желтоқсан

Желтоқсанның 20-сынан 21-іне қараған түні сағат 00:00-де Қызылорда облысында уақыт белдеуі бір сағат кейінге шегерілді. Сыр өңірінде соңғы 10 жылда табиғи биологиялық уақыттан ауытқушылық мәселесі жиі көтерілген болатын.




null

2019 жыл. Қаңтар

6 қаңтар. Қазақстанның құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан 47 қазақстандық, соның ішінде 30 бала елге қайтарылды. Бұл оқиға «Жусан» операциясы ретінде тарихта қалды.




null

23 қаңтар. Астанада «Тәуелсіздік ұрпақтары» атауымен Жастар жылы ресми түрде ашылды. Салтанатты жиында Президент Нұрсұлтан Назарбаев түрлі салада жетістікке жеткен қазақстандық жастармен кездесіп, жастар саясатына қатысты жаңа бастамаларды жариялады.




null


null

2019 жыл. Ақпан

21 ақпан. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы шешімін жариялады. Қайта тағайындаулар нәтижесінде Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды және Үкімет құрамы 70 пайызға жаңарды.




null




null

27 ақпан. Астанада «Nur Otan» партиясының XVIII съезі өтті. Онда Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жаңа әлеуметтік қамқорлық шараларын жариялады.




null



null

2019 жыл. Наурыз

19 наурыз. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар эфирінде Қазақстан халқына арнап мәлімдеме жасады. Онда Тұңғыш Президент өзінің өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдеді.




null

Сол күні Елбасы 2019 жылғы 20 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқаруды тоқтататыны туралы Жарлыққа қол қойды. Конституцияға сәйкес, ҚР Президенті өкілеттігінің қалған мерзімін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасына Қазақстан халқына ант берген сәтінен бастап көшеді.




null

20 наурыз. ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы болып өтті. Онда Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді.




null


null


null

Осы күні, Қазақстан халқына ант берген сәттен бастап Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті жоғары лауазымы бойынша қызметін атқаруға кірісті.




null

Парламент Сенатының төрайымы болып Дариға Назарбаева сайланды.




null

Жоғары қарай