Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Қасым-Жомарт Тоқаев ең төменгі жалақыны 1 маусымнан бастап көтеруді тапсырды

2019 жылдың 22 наурыз 2019 10:44 2331

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жалақысы ең төмен жұмыскерлердің  жалақыларын 2019 жылдың 1 маусымынан бастап көтеруді тапсырды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында жазды.

«Бұл шешім 1 миллионнан астам азаматтық және мемлекеттік қызметкерлердің әл-ауқатына әсер етеді»,-деп жазды ҚР Президенті.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде осы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыруды тапсырған болатын. 

Жоғары қарай